"Маңызды мәліметтер бар": Бельгиялық отбасы асырап алған Жәнібек үн қатты
1546
Бельгиялық отбасы асырап алған Жәнібек әлеуметтік желіде оқырмандарының сауалдарына жауап беріп, өзін туған анасын іздеу жұмыстары туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Politico.kz.
Желі қолданушыларының бірі іздеу жұмыстары дұрыс жүргізілмегенін айтып, Жәнібек туған күні босанған барлық әйелден ДНҚ сынамасын алу керек болғанын жазған.
Бұған жауап берген Жәнібек мұндай мүмкіндік болмағанын, алайда қазіргі таңда қолдарында маңызды мәліметтер бар екенін жеткізді.
«Өкініштісі, сол күні босанған барлық әйелден ДНҚ алу мүмкін емес. Бірақ қазір бізде маңызды мәліметтер бар. Жариялауға рұқсат берілсе, міндетті түрде сіздерге айтамын», – деп жазды ол.
Жәнібек бұған дейін де туған анасын іздеу жұмыстары жалғасып жатқанын айтып, тергеуге байланысты әзірге барлық ақпаратты жариялай алмайтынын мәлімдеген еді.
Соңғы жаңалықтар
07.09.2026
23:53
Назарбаевтың кеңсесін басқарған Махмұд Қасымбек...
07.09.2026
22:23
Ритм сезімі туа біткен: Шымкенттік алты жасар д...
07.09.2026
21:16
Қазақстан мен Оңтүстік Корея бұқтырылған ет өнд...
07.09.2026
20:26
«Ақ Toyota-ны тап»: ЖИ Алматы облысының полиция...
07.09.2026
20:21
ҰҚК Астана көші-қон полициясының бұрынғы бастығ...
07.09.2026
19:30
Қазақстандықтар оң өзгерістерді атап өтіп, инфр...