Мақпал Жүнісова көршісі Аишаға қымбат сыйлық сыйлап таңқалдырды

Мақпал Жүнісова көршісі Аишаға қымбат сыйлық сыйлап таңқалдырды
31.03.2025 18:15
0
68
Фото: видеодан кадр

Мақпал Жүнісова Бүркіттің келіншегі Аишаға қымбат сыйлық сыйлады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Жұлдызды жұп Бүркіт пен Аишаның үйіне қонаққа барған Мақпал Жүнісова Аишаға ерекше сыйлық тарту етіпті.

Әнші Бүркітпен көрші екенін айтып, Аишаға сыйлығын ала барған.

“Алтын көршілерім Бүркіт пен Аишаның шаңырағына айттап барып, ата-анасының батасын алып қайттық. Саяттың қоңыр даусымен тіптен жақсы демалдым. Аман болыңдар, көршілерім!”, – деп жазды әнші

Мақпал Жүнісова Аишаға өзінің жақсы көретін кулонын сыйға тартты. 

“Жақсы көретін кулоным бар еді. Соны өзіңе сыйлағым келеді. Ұлттық нақышта жасалған. Өте әдемі. Менің көзімдей етіп, тағып жүр. Менде мұндай әшекей бұйым көп. Бриллианттардан үй соғамын ба, жақсы көретін адамдарыма таратып жатырмын”, – деп ағынан жарылды халық әртісі. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий