Мақпал Жүнісова мерейтойда күтпеген жағдайға тап болды

Мақпал Жүнісова мерейтойда күтпеген жағдайға тап болды
18.08.2025 21:00
0
125
Фото: Instagram/zhunusova.makpal

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мақпал Жүнісова ұлы Абайдың 180 жылдығына орай ұйымдастырылған шараға қатысып, оқыс оқиғаға тап болған, деп хабарлайды POLITICO.KZ KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

Мақпал Жүнісова Абай облысында өткен мерекелік шарада болған жағдай туралы Instagram-дағы парақшасында баяндап берді. Әншінің сөзінше, Абайдың мерейтойында күзетшілер ауыл әкімінің анасын сахнаға өткізбей қойған. Алайда, оған қарамастан әжей сүйікті әртісін үш жарым сағат бойы күтіп, соңында онымен кездесіп, ақ батасын берген.

"Кеше "Архат" ауылының әкімінің анасын Қарауылдың күзетшілері сахнаға өткізбей қойыпты. Ол кісі мені үш жарым сағат күтіп, концерт аяқталған соң сахна артындағы киіз үйге келіп, бата берді. “Мақта әпке, үлкен рақмет, ғұмырлы болыңыз" деді", – деп жазды Мақпал Жүнісова.

Өнер иесі әлеуметтік желіде ерекше кездесуден фото жариялады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий