Марқұм Айзат Жұманованың өлер алдындағы видеосы тарады
Талдықорған қаласында Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жас әйел Айзат Жұманованың қаза болуына қатысты резонансты қылмыстық іс бойынша сот процесі жалғасуда,деп хабарлайды Politico.kz.
Талдықорған қаласында Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жас әйел Айзат Жұманованың қаза болуына қатысты резонансты қылмыстық іс бойынша сот процесі жалғасуда,
Tengrinews.kz 19 желтоқсан күні сот отырысында іс материалдарын зерттеу барысында Айзат Жұманованың күйеуі тарапынан соққыға жығылғаннан кейін жеткізілген ауруханадан түсірілген бейнежазба ұсынылғанын хабарлады.
Еске сала кетейік, қайғылы жағдай биыл 22 маусымда Жетісу облысының Ақсу ауданында болған. Сотқа дейінгі тергеу деректеріне сәйкес, Баласаз ауылының тұрғыны Айзат Жұманова ауыр дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.
Жас әйел жансақтау бөлімінде жатқанымен, кейін алған жарақаттарының салдарынан көз жұмған.
Сотта көрсетілген бейнежазбадан Айзат Жұманованың медициналық мекемеге өте ауыр халде жеткізілгені анық көрінеді. Белгілі болғандай, оны ауруханаға күйеуі, енесі және көршісі бірге алып келген. Жәбірленуші көршісінің автокөлігімен жеткізілген.
Сот процесі жалғасып жатыр, істің өзге де мән-жайлары алдағы отырыстарда қаралатын болады.
Соңғы жаңалықтар