Марқұм Салтанат Нүкенованы қорғаған адвокат Жанна Уразбахованың үстінен қылмыстық іс қозғалды
Бүгін әлеуметтік желіде марқұм Салтанат Нүкенованың мүддесін қорғаған адвокат Жанна Уразбахованың үстінен қылмыстық іс қозғалғаны жайлы ақпарат тарады.
Kazinform агенттігінің тілшісі осы істің мән-жайын Алматы қаласының Полиция департаментінен сұрап білді.
«Бопсалау және алаяқтық бойынша қылмыстық істің адвокаттары үстінен сотқа дейінгі тергеу деректерін жария еткені үшін, яғни У. және Б. есімді азаматтарға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Олар қылмыстық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тыйымға қарамастан, БАҚ және әлеуметтік желі арқылы тергеу барысы туралы ақпарат таратқан», – делінген ресми хабарламада.
Одан бөлек, ақпаратта айтылғандай, күдіктілер тергеу әрекеттерін қасақана бұзған және процессуалдық процеске міндетті түрде қатысу керектігін елемеген.
Айта кетейік, Жанна Уразбахова елді елең еткізген экс-шенеунік Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық істе жәбір көріп, мерт болған Салтанат Нүкенованың мүддесін қорғаған еді.
Еске сала кетейік, Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды.