Мас күйінде рөлге отырған судья қызметінен босатылды

23.01.2026 16:19 Арман Ермеков Арман Ермеков
Мас күйінде рөлге отырған судья қызметінен босатылды
656
Фото: gov.kz

Астана қалалық азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Әсел Досаева мас күйінде көлік басқарғаны үшін қызметінен босатылды, деп хабарлайды Politico.kz

Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің 2026 жылғы 22 қаңтардағы шешімімен судья әдеп нормаларын өрескел бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Жаза ретінде оны қызметінен босату шарасы қолданылды.

Негізі сот жюриінің кезекті отырысында жалпы 10 судьяның ісі қаралды. Тексеріс нәтижесі бойынша 6 судья тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде төртеуі – сот ісін қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзуға жол бергені үшін (үш судьяға ескерту, бір судьяға сөгіс түріндегі тәртіптік шаралар қолданылды), екеуі – судья әдебі талаптарын бұзғаны үшін (екеуіне де судья қызметінен босату түріндегі жаза қолданылды). Екі судьяға қатысты тәртіптік іс жүргізулер олардың әрекеттерінде тәртіптік теріс қылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды. Бұдан басқа, екі судьяға қатысты тәртіптік материалдарды қарау кейінге қалдырылды.

Айта кетейік, қараша айының басында әлеуметтік желілерде Астананың азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Әсел Досаеваның мас күйінде ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Кейін бұл деректі Ішкі істер министрлігі ресми түрде растады. Биылғы жылдың қаңтар айының басында сот Досаеваны мас күйінде және жүргізуші куәліксіз көлік басқарғаны үшін кінәлі деп тауып, 786 400 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салған болатын.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий