«Мәселе жабық»: Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалға қатысты жауап берді

23.01.2026 19:11 Арман Ермеков Арман Ермеков
«Мәселе жабық»: Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалға қатысты жауап берді
760
фото-коллаж: politico.kz

Серік Сәпиев орынбасарымен орын алған келіспеушілікке қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Politico.kz

Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев орынбасары Дәурен Есімхановпен арадағы кикілжіңге қатысты үн қатты. Олимпиада чемпионы ресми мәлімдемесін өзінің Instagram парақшасында жариялады.

– Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында тарап жатқан жағдайға байланысты келесіні атап өткім келеді. Мен мемлекеттік қызметші ретінде өз міндеттерімді атқару барысында мемлекеттік қызметшінің әдеп қағидаттарын қатаң сақтаймын. Бала кезімнен бапкерлерім маған рингтен тыс жерде күш қолдануға болмайтынын үйретті. Өз мүмкіндігімді жақсы бағалаймын және әрбір іс-әрекетім үшін жауапкершілік арқалайтынымды толық түсінемін. Сондықтан қандай да бір арандатушылықтарға ермеймін. Мәселе толық қаралып, жабық деп есептеледі, – деп жазды Серік Сәпиев.

Бұған дейін әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында Олимпиада чемпионының өз қызметкерінен соққы алғаны туралы мәліметтер таралған еді. Ғимарат ішіндегі бейнебақылау камераларына Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімхановтың кабинет маңында алысып, жұлысқан сәттері түсіп қалған

Қарағанды облысының полиция департаменті жанжал фактісін растап, Олимпиада чемпионының дене жарақатын алғанын және іс қозғалғанын хабарлаған болатын. Кейін ғаламторда Серік Сәпиевтің полиция қызметкері алдында қағаз толтырып отырған видеосы жарияланды.

Айта кететін жайт, басқарма басшысының орынбасары Дәурен Есімхановқа қатысты бұған дейін де сұрақтар туындаған. 2025 жылдың 16 шілдесінде облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Бекімова онымен арнайы кездесу өткізген. Лауазымды тұлғаға қызметтік міндеттерін атқару кезінде мемлекеттік қызметшінің әдеп стандарттарын қатаң сақтау қажеттігі ескертілген.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий