Серік Сәпиев өз қызметкерінен таяқ жеп қалды

23.01.2026 11:34 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
Серік Сәпиев өз қызметкерінен таяқ жеп қалды
253
әлеуметтік желі

Қарағанды қаласында спорт саласының жоғары лауазымды өкілдері арасында жанжал шыққаны жөнінде ақпарат тарады. 21 қаңтар күні кешкі уақытта Бұқар жырау даңғылы бойында Серік Сәпиев дене жарақатын алған, деп хабарлайды Politico.kz

Серік Сәпиев – Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, Олимпиада чемпионы. Ал жанжалға қатысы бар екінші азамат – оның орынбасары Дәурен Есімханов, самбодан Азия және әлем чемпионы.

Полиция мәліметінше, аталған дерек бойынша денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісімен қылмыстық іс тіркелген. Қазіргі таңда жәбірленушінің алған жарақатының сипатын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысы жарақаттың ауырлығын көрсетеді.

Оқиғаның нақты неден басталғаны әзірге белгісіз. Құзырлы органдар істің барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий