Маскадағы жігіт ауыр диагнозы бар жанға баспана сыйлады

Маска киген жұмбақ қайырымды жан 36 жастағы ДЦП диагнозымен өмір сүріп жүрген Әділжан есімді азаматқа баспана сыйлап, оның өмірінде үлкен өзгеріс жасады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Әділжан — мешіт жанында сауда жасап, нәпақасын тауып жүрген еңбекқор жан. Оның арманы — өз кәсібін кеңейтіп, жеке дүкен ашу. Бұрын өзін қоғамға қажетсіз сезініп, күйзеліске түскен ол, бүгінде өз болмысын толықтай қабылдап, өмірге деген көзқарасын түбегейлі өзгертті. Бұл үміт пен сенімнің қайта оянуына себепкер болған — бетперде таққан белгісіз жанның жасаған жақсылығы.
Ол Әділжанға тек баспана ғана емес, болашаққа сенім сыйлап, емделу, умра сапарына бару және кәсібін бастау сынды маңызды мүмкіндіктерге жол ашты. Осындай жанашырлық пен қайырымдылық қоғамдағы сенім мен мейірімділікті арттырып, шынайы ізгілікке бастайды.
Соңғы жаңалықтар





