Мәскеу дрон операторының орнын жариялап, артынан видеоны өшірді

Мәскеу дрон операторының орнын жариялап, артынан видеоны өшірді
16.04.2025 11:49
0
258
РИА Новости
РИА Новости «Москва-Сити»-ден дрон шабуылы басқарылатынын көрсетті – кейін өшірді

РИА «Новости» дрон операторларының Украинаға шабуылдарды «Москва-Сити» деловой орталығынан жүзеге асыратынын көрсеткен видео жариялап, кейін алып тастады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Роликте ресейлік БПЛА операторларының жұмыс барысы егжей-тегжейлі көрсетілген. Видеоның негізгі бөлігінде шабуыл қалай дайындалатыны және басқару пульті қайда орналасқаны баяндалған. Материалда оператордың «Москва-Сити» бизнес-орталығында отырғаны да көрсетілген.

Алайда бұл ақпарат Telegram арналары мен қоғамдық желілерде үлкен дау туғызды. Көптеген ресейлік қолданушылар мен әскери блогерлер бұл видеоны «азаматтық инфрақұрылымды қауіпке тіреді» деп сынға алды. Олардың пікірінше, мұндай мәліметті ашық жариялау арқылы «Москва-Сити» ЗСУ тарапынан соққы жасауға заңды нысанаға айналуы мүмкін.

Дау туындағаннан кейін алдымен видео сипаттамасынан «Москва-Сити» жайлы мәлімет алынып тасталды. Ал бір сағаттан кейін РИА «Новости» бейнематериалды мүлде өшіріп тастады.

Сарапшылар бұл жағдай Ресей үкіметі тарапынан ақпараттық саясаттағы қателік ретінде бағалануы мүмкін екенін айтады. Қазіргі жағдайда мұндай мәлімдемелер қоғамдық дүрбелең мен халықаралық сынға ұрындыруы ықтимал.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий