Мәскеуде танымал қазақ әншісі ұсталды

27.03.2026 15:16 Мөлдір Талғат
Мәскеуде танымал қазақ әншісі ұсталды
705
Фото: видеодан скриншот

A’Studio тобының бұрынғы мүшесі Темірлан Сәдуақасов Мәскеуде мас күйінде көлік жүргізді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Politico.kz.

Telegram-дағы 112 арнасының мәліметінше, Темірлан Сәдуақасовты жол полициясы таңғы сағат 5 шамасында Волоколамск тасжолында жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін тоқтатқан.

Музыкант медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан. Кейін ол полиция бөліміне жеткізіліп, оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылған.

Темірлан Сәдуақасов — гитарист әрі әнші, A’Studio тобының марқұм мүшесі Бағлан Садвақасовтың ұлы. Әкесі 2006 жылы қайтыс болғаннан кейін, оның орнын топ құрамында басқан. Кейін жеке музыкалық жобасын құрған.

Бағлан Садуақасов — A’Studio тобының гитаристі және көптеген танымал әндердің авторы. Ол 1990-жылдар мен 2000-жылдардың басында топтың ерекше музыкалық стилін қалыптастыруда маңызды рөл атқарды.

Музыкант 2006 жылдың 2 тамызында Мәскеуде болған жол-көлік апатынан қайтыс болды.

Бұл жағдай қоғамда кең талқыланып жатыр. A’Studio тобының бұрынғы мүшесіне қатысты іс заң аясында қаралатын болады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий