Мазақ болғанымша сотталып кеткенім артық – Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі

Мазақ болғанымша сотталып кеткенім артық – Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі
08.10.2025 18:18
0
453
Фото: Видеодан скрин

Актриса Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаев желідегі парақшасында видеоүндеу жолдады, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Сөзінше Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында өтірік жоқ, сұраған адамның бәріне бірдей жауап беріп отырмас үшін актер осындай қадамға барған.

"Маған осы уақытқа дейін қаншама адамнан қоңырау түсті. Әрқайсына жеке-жеке жауап беріп жатпайын деп Нұрсейіт Жылқышыбай бауырыма сұхбат берейін деп шештім. Ал сол уақытқа дейін менің қандай күйде болғанымды өзімнен басқа ешкім білмейді. Мен сол уақыт арасында өзіме өзім қол жұмсауға дейін бардым, көшеге шығудан қалдым. Мен олай әр адамға мазақ болғанымша сотталып кеткенім артық. Менің үстімнен қандай арыз-шағым түсірсе де өз шындығымды айтамын. Шындық детекторына да отыруға дайынмын", - деді ол. 

Айта кетейік, заңгер Айгүл Орынбек журналист Нұрсейіт Жылқышыбай мен Дархан Мұсаевтың үстінен ресми арыз түсіргенін хабарлаған еді. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий