«Меккеде басқа қызға қарай берді». Танымал блогердің жары опасыздық туралы айтты

16.09.2026 22:11 Томирис САҒЫНДЫҚ
«Меккеде басқа қызға қарай берді». Танымал блогердің жары опасыздық туралы айтты
84
Фото: видеодан скриншот

Блогер Айтуған Ғалымовтың бірінші әйелі Ильнура желіде тараған қауесеттерге қатысты пікір білдіріп, отбасылық өміріндегі өзгерістер туралы ашық айтты. Сондай-ақ ол Меккеге сапар кезіндегі күмәндері мен бұл жағдайды қалай қабылдағанын баяндап берді, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы Ильнура "Лаула" подкастында әңгімеледі. 

Ильнура күйеуінің бөгде арумен жасырын қарым-қатынаста жүргенін ішкі түйсігі арқылы сезгенін айтты. Ол екеуінің әлеуметтік желідегі парақшаларын салыстыра отырып, үнемі бір жерде жүретініне көз жеткізген. Бастапқыда бұл күдігін туыстарына айтқанымен, олар мәселені тереңдетпей, басу айтқан екен.

«Бір жылдан кейін білдім. Білгенде, шамалап сезіп жүрген едім. Әйел адамда бәрібір еркегін сезетін Алла тағала берген түйсік немесе сезім болады ғой. Менде де солай болды. Бір жыл өткеннен кейін барып сезе бастадым. Екеуі де өзін ақтауға тырысады. Алайда, екеуінің арасында бір нәрсенің бар екенін сездім. Әлеуметтік желідегі оның да, ананың да парақшасын қараймын, үнемі бір жерлерде жүреді. Бірге тамақтанып жүреді, бірақ өзінше жарияламайды. Сосын қарап отырып, екеуі бір жерде жүрген сияқты деп ойладым. Екеуі бірге жүргендей сондай бір сезімде болдым. Менімен жасты қайын сіңлім бар еді. Соған: "Маған екеуі сөйлесіп жүрген сияқты болып көрінеді", – дедім. Ол: "Қойшы, сен күйеуіңді сағынып жүрген боларсың, ондай емес шығар. Бәлкім, саған сондай жаман ойлар келіп жатқан болар", – деп басу айтты. "Жарайды" деп, ол тақырыпты жаба салдым», – деді Ильнура.

Күдіктің расталуы Меккеге жасаған отбасылық сапар кезінде анық байқалған. Ильнура сапар барысында күйеуінің Әсемге өзгеше қарап, оған ерекше көңіл бөлгенін аңғарған. Осы жағдайдан кейін жұбайының берген уәждері күдікті сейілтпей, арада реніш тудырған.

«Сол жазда, тамыз айында осылай ойланып жүрдім. Сол жылы қыркүйек айының соңына таман топпен Меккеге баратын болдық. Әсем де ата-анасымен, отбасымен барды. Бәріміз бір турмен бардық. Меккеде жүрген кезде күйеуім оған айтқан сайын қарай береді. Басқаша қарайды. Сезесің ғой енді. Қасында мен келе жатырмын, ал ол мені мүлде көрмейтін сияқты. Байқап қалдым да: "Бір нәрсе дұрыс емес", – деп ойладым. Қасына келіп: "Неге олай қарайсың?" – деп сұрасам, "Мен қараған жоқпын" деп мойындамайды. "Ал неге оған қарап сөйлей бересің?" десем, "Оның Исламнан білімі аз болғандықтан түсіндіріп жатырмын, сен одан да көп білесің ғой" деп айтты. Одан көп білсем де, аз білсем де, қандай айырмашылық бар? Бәрібір маған түсіндіруі керек емес пе? Мен де Меккеге бірінші рет бардым. Күйеуім бұрын Меккеде жалғыз болып келген еді, одан кейін екеуміз бірге бардық. Ол барлық нәрсені өзі көріп-білгендіктен, сол нәрселерді оған түсіндіріп жатыр да, ал маған түсіндіріп жатқан жоқ», – деді Ильнура.

Меккеден оралған соң ерлі-зайыптылар бұл мәселені ашық талқылауға бел буған. Ашық сөйлесу барысында Айтуған Ғалымов өзге аруға деген сезімін байқаусызда айтып қойған. Кейіннен бұл жағдай желіде де талқыланып, Ильнураның екінші әйелге рұқсат беру-бермеу туралы шешім қабылдауы оңайға соқпаған.

«Мынадай бір жағдай болды: кішкентай арба сияқты нәрсе кетіп бара жатыр екен, соған қарап: "Мынаумен қайтыс болған адамдарды алып барып жерлейді", – деп оған түсіндіріп жатыр. Мен ол нәрсені білмеймін. Онымен, мүмкін, тауар немесе басқа зат таситын шығар, адам таситын шығар деп ойладым, бірақ қайтыс болған адамды таситынын білген жоқпын. "Неге бұл нәрсені маған айтпайсың?" деп ұрысып қалдық. Одан кейін барып сөйлестік. Меккеден келгеннен кейін ашық сөйлестік. Маған ұнайтыны — біз бір-бірімізбен ашық сөйлесе аламыз. Солай ашық сөйлесіп отырғанда, екінші әйел, тоқалдық туралы әңгімені бірінші болып өзім бастадым. "Екінші әйел алатын болсаңыз, ол қандай қыз болуы керек? Жасы нешеде болғаны дұрыс? Жас қыз болуы керек пе, орамалды ма, әлде блогер болуы керек пе?" деген кезде, ол байқамай: "Иә, мен Әсемді жақсы көремін", – деп айтып қалды. Сол кезде жүрегім ауырып кетті. Сосын үшеуміз бірге сөйлестік. Мекке мен Мединадан келгеннен кейін екеуі бірден Қытайға кетіп қалды. Сол жылдары екеуі жайлы шу болды, TikTok-та да көп талқыланды. Оған әрең шыдады. Содан кейін де біз... мен нақты бір шешімге келе алмадым. Эмоцияға беріліп, бірде рұқсатымды беремін десем, бірде бермеймін дедім. Бірде ұрысамыз, бірде ренжісеміз, кейде бәрі жақсы болып кетеді. Дұрыстап сөйлесіп: "Иә, түсінемін, бұл — шариғатта бар нәрсе ғой. Түсінемін, рұқсатымды бергім де келеді, бергім де келмейді", – деген сияқты әңгімелер болды», – деді Ильнура.

Войдите, чтобы оставить комментарий