«Меккеге барып жүрген еді ғой»: Ақбота Сейтмағамбет ашық киініп таң қалдырды

«Меккеге барып жүрген еді ғой»: Ақбота Сейтмағамбет ашық киініп таң қалдырды
23.10.2025 09:47
0
198
Скриншот видеодан

Танымал актриса әрі әнші Ақбота Сейтмағамбет бұрын-соңды болмаған жаңа образымен көпшілікті таңғалдырды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Ол голливуд жұлдыздарындай сәнденіп, фотосессия жасаған.

«Victoria Secret модельдері жолда қалды ма?», - деп жазған Ақбота. 

Актрисаның үстінде қысқа, жылтыраған ақ көйлек, ал шашы ұзын болып жіберілген. Әлеуметтік желіде жариялаған видеосында ол қазіргі танымал трендке сай музыка қойып, бейнежазба ұсынған.
Пікір қалдырғандардың бірі оның сұлулығына сүйсінсе, енді бірі «тым ашық киінген» деп сынға алды.

«Дәурен бекерге кетпейді ғой», «Хиджабтан кейін осылай киінеді деп ойламадым», «Меккеге барып жүрген еді ғой» деген пікірлер де жазылған.

Ал өзге қолданушылар керісінше оны қолдап,

«Қандай сұлу», «Қазақстандағы ең әдемі актриса», «Көре алмай жүргендердің іші күйіп жатыр» деп пікір білдірді.

@akbotanurabaiqyzy Victoria Secret модельдері жолда қалды ма?☺️ #АқботаНұр ♬ WHO IS VICTORIA - the golden era models
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий