Мектеп директоры мұғалімдерді несие алуға мәжбүрлеген

Ресейдің Свердлов облысына қарасты Урал қаласында мектеп директоры мұғалімдерді өз атына несие рәсімдеуге итермелеп, алынған қаржыны жеке қажетіне жұмсаған. Бұл жағдайды зардап шеккен педагогтар ашық айтты, деп хабарлайды Е1.ru.
Аять ауылындағы мектепте жұмыс істеген бұрынғы әріптестерінің айтуынша, директор Елена есімді әйел кезінде беделді педагог ретінде танылған. Алайда 2019 жылдан бастап әріптестерінен түрлі сылтаумен — үйлену тойына, жөндеу жұмыстарына деп — ақша сұрай бастаған. Мұғалімдер оған сеніп, бірнеше несие рәсімдеген.
«Барлығын есептесем, оның өтініші бойынша алты рет несие рәсімдеппін. Жалпы сомасы – 1,5 миллион теңгеге жуық!», – дейді мұғалімдердің бірі.
Ұстаздардың айтуынша, несие беруден бас тартқандар моральдық қысым көрген. Директор оларды сабақты жүргізіп жатқан кезде көпшілік алдында қорлап, сөккен.
Зейнет жасына жақындаған мұғалімдердің бірі директордың айтуымен несие рәсімдеп, кейін қарызды өтеу үшін қосымша жұмыс істеуге мәжбүр болған.
«Қазір кешке еден жуамын. Ай сайын 12 500 рубль төлеуім керек. Ал еден жуушының жалақысы – 13 рубль . Бүкіл табысым соған кетіп жатыр», – деді ол.
Кейін директор қызметінен кеткен. Тергеу нәтижесінде оның мектеп қаржысын да заңсыз пайдаланғаны белгілі болды. Сот үкімімен оған екі жыл шартты жаза берілген.
Соңғы жаңалықтар





