"Мектеп формасын бұздың деп айыптаған". Алматыда 17 жастағы оқушы қыз суицид жасады

Алматыдағы жекеменшік мектептердің бірінде 17 жастағы оқушы қыздың өз-өзіне қол жұмсағаны туралы хабар тарады.
Қайғылы жағдай 3 қыркүйекте орын алған. Әлеуметтік желілер мен түрлі пікір алаңдарында оқиғаның себебі жайлы түрлі ақпараттар жазылып жатыр. Кейбір пайдаланушылар оқушыға қысым көрсетіліп, қорлау мен қорқыту әрекеттерінің жасалғанын айтып, мұның мектеп ұжымы мен оқушылардың көзінше болғанын алға тартуда.
Дегенмен ресми түрде оқиғаның нақты мән-жайы әзірге белгісіз. Полиция департаменті аталған дерек бойынша "өз-өзіне қол жұмсау" бабымен тергеуді бастағанын және Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Мектеп әкімшілігі түсініктеме беруден бас тартқан. Қайтыс болған жасөспірімнің 17 жаста екені белгілі болды.
Сондай-ақ 1 қыркүйек күні өткен жиында ол мектепке бейресми киіммен келгені үшін бас директордан ескерту алғаны жөнінде ақпарат тарады.
Соңғы жаңалықтар





