Мектепке салынған айыппұлды мұғалімдер өз қалталарынан төлейді - Асқат Аймағамбетов

Мектепке салынған айыппұлды мұғалімдер өз қалталарынан төлейді - Асқат Аймағамбетов
29.09.2025 12:06
0
151
видеодан алынған кадр

Мәжіліс депутаты және Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асқат Аймағамбетов «Qasqa Jol» Youtube арнасына сұхбат беріп, мектепке салынатын айыппұл туралы тереңірек сөз қозғады.

Оның айтуынша, айыппұлды педагогтар өз қалталарынан төлеп келген.

Жақында заң қабылдадық. СЭС келсе, енді ескертпей келе алады. Ол мектептің дәретханасын, асханасын, тіпті балабақшаларды кез келген уақытта барып тексеруге құқылы. Бірақ, бірінші ескертпей келгенде ешқандай айыппұл сала алмайды. Олар келіп белгілі бір проблеманы анықтаса, сол бойынша ұсыныстарын береді және уақыт береді. Сол уақыт өткенней кейін ұсыныстары орындалмаса ғана айыппұл сала алады. Бұған дейін мектеп апатты жағдайда тұрса, үш ауысым болып жатса, құрал-жабдықтар болмаса ғана директорға 600-800 мың  теңге көлемінде мектептің директорына айыппұл салатын еді. Ал мектеп директоры ол ақшаны қайдан табады? Көбі оны мұғалімдерден жинап алады. Енді не өзгереді? Үш ауысымдық мектеп болса, директор ол жерде басқа оқу мекемесі болмағанына кінәлі емес қой немесе шатырдан су ағып тұрса, әкімдік уақытында ақша бөлмегеніне оның еш қатысы жоқ қой. Осындай жағдайларда енді мектеп директорына айыппұл салынбайды. Бұл жерде ақшаны уақытында бөлмеген әкімдіктің адамыммен жұмыс жасалатын болады. Яғни жаңа заң жобасы теңгерімді сақтауды көздеп отыр, - деді Асқат Аймағамбетов.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий