Мектепте атыс болып, 11 адам мерт болды

Мектепте атыс болып, 11 адам мерт болды
10.06.2025 17:01
0
131

Австрияның Грац қаласындағы мектепте атыс болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Атыс салдарынан қаза тапқандар саны 11-ге жетті.

"16 жастағы оқушы қыздың AUF1 арнасына берген ақпаратына сүйенсек, қаза болғандар саны 11 адамға жетті, бұл туралы оған жедел жәрдем қызметкері айтқан. Ауыр жарақат алғандар тікұшақпен жақын маңдағы ауруханаларға жеткізіліп жатыр. Полицияның мәліметінше, күдікті зорлық-зомбылықтың құрбаны болған болуы мүмкін", - деп хабарлайды портал тілшісі.

Штирия жерінің полициясы Х желісінде операция әлі жүріп жатқанын мәлім етті. Оқиға орнында полиция тікұшағы жұмыс істеп жатыр.

Kurier басылымының хабарлауынша, атыс құралынан сол мектептің оқушысы оқ атқан болуы мүмкін. Мәліметке сүйенсек, ол оқиғадан кейін өзіне қол салған.

Тергеп-тексеру жүріп жатыр.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий