Мемлекет басшысы Си Цзиньпиннің шақыруымен Қытайға аттанады

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚЫТАЙҒА РЕСМИ САПАРМЕН БАРАДЫ, ДЕП ХАБАРЛАЙДЫ POLITICO.KZ.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 30 тамыз бен 3 қыркүйек аралығында Қытай Халық Республикасына сапар шегеді. Бұл сапар ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің арнайы шақыруымен ұйымдастырылып отыр. Сапар барысында екіжақты келіссөздер, Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу және ірі іскерлік кездесулер жоспарланған.
Сапардың басты мақсаттарының бірі – жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында қазақ-қытай арасындағы мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту перспективаларын талқылау.
Президенттің сапар кестесі бірнеше маңызды іс-шарадан тұрады. 31 тамыз – 1 қыркүйек күндері Қасым-Жомарт Тоқаев Тяньцзинь қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммитіне және «ШЫҰ плюс» форматындағы жиынға қатысады. Бұл шара аймақтық қауіпсіздік пен ынтымақтастықты талқылайтын маңызды алаң болып табылады.
2 қыркүйекте Мемлекет басшысы Бейжіңге барып, онда Қазақстан – ҚХР Іскерлік кеңесінде сөз сөйлейді. Сондай-ақ, осы күні Қытайдың ірі компанияларының басшыларымен бірқатар кездесу өткізіп, экономикалық және инвестициялық байланыстарды дамыту мәселелерін талқылайды.
Сапар соңында, 3 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты шараға мәртебелі мейман ретінде қатысады.
Осылайша, Президенттің кезекті Жолдауы 8 қыркүйек, дүйсенбі күні Парламент палаталарының бірлескен отырысында жарияланатын болады.
Соңғы жаңалықтар





