Мемлекет қаржысын жымқырған құрылыс компаниясының басшысы Ресейден экстрадицияланды

22.09.2025 09:36 Admin Admin
Мемлекет қаржысын жымқырған құрылыс компаниясының басшысы Ресейден экстрадицияланды
0
304
Фото: freepik.com

Ресей Федерациясынан бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырды деген күдікке ілінген азамат экстрадицияланды, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Тергеу барысында аталған тұлға құрылыс компаниясының басшысы бола отырып, 2020 жылдан 2022 жылға дейінгі аралықта адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы жалған шарттар жасасып, аффилирленген компаниялар арқылы ақша қаражатын аудару жолымен «Самұрық-Энерго» АҚ-ның еншілес ұйымынан 8,5 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды.

Аталған қаражат Ақмола облысында жел электр станциясын салуға арналған болатын. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.

Осы жылдың ақпан айында ол Ресей Федерациясының аумағында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша оны экстрадициялау туралы шешім қабылданды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий