«Асекеңнен балалы боламын деп ойламадым»: Бағдат Әшімова еш жерде айтпаған құпиямен бөлісті

07.09.2026 11:17 Мөлдір ҚАЙНАР
«Асекеңнен балалы боламын деп ойламадым»: Бағдат Әшімова еш жерде айтпаған құпиямен бөлісті
599
Фото: instagram.com/bagdat.ashimova

Марқұм Асанәлі Әшімовтің жұбайы Бағдат Әшімова халық әртісімен қалай танысқаны және арадағы 34 жас айырмашылыққа қарамастан қалай тұрмысқа шыққаны жайлы айтып берді, деп хабарлайды Politico.kz 

​Олар кезінде Совмин ауруханасында танысқан. Ол уақытта 31 жастағы Бағдат мейірбике болып қызмет еткен, ал ауыр қайғыдан (анасы мен жарынан, екі ұлынан айырылған) кейін емделіп жатқан актер оған өз өмірбаяны жазылған кітапты оқуға берген.

​«Кітапты бір түнде жылап оқып шықтым. Мен оның жан жарасы мен жалғыздығын қатты сезіндім. Оған жай ғана қызмет еткім келді. Келесі кезекшілікте ол мені жанына шақырып, 4 сағат бойы тоқтаусыз өмірін айтып берді. Сосын: "Әйел адамның мені бұлай тыңдамағанына көп болды", – деді де, неге тұрмысқа шықпағанымды сұрады. Мен лайықты жанды кездестірмегенімді айттым. Сол сәтте ол мені өмірлік серігі ретінде көретінін, алға қарай бірге жүруді ұсынды», – деп еске алады ол.

​Жарының айтуынша, жастар ұнататын гүл шоқтары мен романтикалық серуендер мүлдем болмаған, тіпті әкесі мен төрт ағасы бастапқыда бұл некеге батасын бермей, қарсы болған.

​«Ол маған қырындап, артымнан жүрген жоқ. Аурухана сөз салатын орын да емес еді. Мен одан балалы боламын деп те ойламадым. Әкем мен ағаларым бірден келіспеді, айналадағылар да "бір есебі бар шығар" деп сөкті. Бірақ Асекең "сабыр сақтап, күтейік" деді. Мен үшін ол әлемдегі ең сұлу, ең тартымды жалғыз еркек болып қалды», – дейді Бағдат Әшімова.

Войдите, чтобы оставить комментарий