«Мен балаларымның жеңісіне сендім»: ағайынды Сабырхандардың анасы бокс көруге жұрегі батпайтынын айтты

«Мен балаларымның жеңісіне сендім»: ағайынды Сабырхандардың анасы бокс көруге жұрегі батпайтынын айтты
16.09.2025 11:25
0
113
Фото: instagram.com/sabyrkhan_makhmud/

Англияның Ливерпуль қаласында өткен World Boxing әлем чемпионатында боксшы бауырлар Махмұд (55 кг) пен Төрехан Сабырхан (70 кг) алтын медаль ұтып, қазақстандықтарға жеңіс қос сыйлады, деп хабарлайды POLITICO.KZ 
Чемпиондардың анасы Меңтай Асылова «Jibek joly» телеарнасына берген сұхбатында ұлдарының жеңіспен оралатынына күмәнданбағанын айтты.


«Мен әрқашан балаларымның жеңісіне сендім. Махмұд тәжірибесі мол болғандықтан, одан үміт күттім. Төрехан болса алғаш рет ересектер арасында өнер көрсетті. Соған қарамастан, екеуі де абыроймен елге оралды. Махмұдқа: «Ініңе қолдау көрсет, кеңес бер» деп айттым.Ол жекпе-жектерді көруге жүрегі шыдамайтынын да атап өтті. «Финалды туыстармен бірге қарсы алдық. Бірақ өзім бөлек бөлмеде отырып, тек тыңдадым. Ал қазір екеуі де чемпион атанғанда, сезімімді сөзбен жеткізу мүмкін емес», – деді қос чемпионның анасы.

Әлеуметтік желіде ағасының бауырын иығына көтеріп жүрген сәті көпшілікті тәнті еткен болатын. Асылованың айтуынша, бес баланың барлығы бір-біріне қамқор болып өскен. 


«Менің ендігі арманым – балаларым Олимпиада-2028 жеңімпаздары атанса», – деді ол.

Айта кетейік, биылғы әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы 7 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль еншілеп, жалпы есепте бірінші орынға ие болды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий