«Мен бұл қайғыдан айықпаймын»: Мұрат Бисембиннің қызы жүрекжарды жазба жариялады

10.01.2026 15:26 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
«Мен бұл қайғыдан айықпаймын»: Мұрат Бисембиннің қызы жүрекжарды жазба жариялады
0
4828
Фото: instagram.com

Ауыр дерттен көз жұмған актер Мұрат Бисембиннің қызы әкесін жоқтап, жан тебірентер жазба қалдырды, деп хабарлайды  Politico.kz.

Марқұм актердің қызы әлеуметтік желідегі парақшасында әкесінің қазасына байланысты көңіл айтып, қолдау білдірген жандардың барлығына алғыс білдірген. Оның айтуынша, соңғы күндер отбасы үшін күтпегендей тез өткен.

«Достар, қолдау сөздеріңіз үшін баршаңызға алғыс айтамын. Жылы лебіздеріңізге рақмет. Өкінішке қарай, физикалық тұрғыда барлығыңызға жеке-жеке жауап беруге шамам жетпей жатыр. Бірақ бір нәрсені біліңіздер: сіздердің сөздеріңіз жанымды жылытып жатыр.

Қоштасуға келген барша адамға рахмет. Барлығы тым тез болды. Біз мұндайды күтпедік те, болжай алмадық.

Біздің өміріміз енді ешқашан бұрынғыдай болмайды. Біз өміріміздегі ең қымбат жаннан айырылдық. Біз әкемізден, сүйікті жардан, отбасының тірегінен айырылдық.

Мен бұл қайғыдан ешқашан айыға алмаспын, бірақ сонымен өмір сүруді үйренуге тырысамын.

Өздеріңізді күтіңіздер…», деп жазды ол.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий