Менде қазір бәрі бар, бірақ анам жоқ – Қайрат Әділгерей
553
Әзілкеш Қайрат Әділгерей Аман Тасығанға берген сұхбатында анасы туралы естелік айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол өмірден ерте өтіп, қазіргі жетістігін көре алмаған анасын еске алып, көз жасына ерік берді.
«Менде қазір бәрі бар, бірақ анам жоқ. Өсіп-өнгенімді көрмеді. Мені оқытты, тоқытты, сол үшін еңбектенді. Әйтеуір, үлкен немересін көрді. Ауырды. 40 жыл бухгалтер болған адам ғой. Соңында екіге екіні қоса алмай, ақшаның түрін танымай кетті. Ешбір концертімде болмағанына өкінемін», – дейді актер.
Өнер иесі ауылына барған сайын, табаны туған жерге тие салысымен бірден анасының жатқан жеріне баратынын айтты. Достары «Анамды күтіп аламын», «Анамды шығарып салып жатырмын» десе, көңілім босайтынын жасырмады.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...
08.10.2026
18:42
Непалда жоғалған екі қазақстандық әлі табылмады...
08.10.2026
18:28
Астанада алаяқ футболшыларды Испанияға апарамын...