"Мені балтамен ұрып өлтірмек болды": Танымал блогер тиран жігіті туралы шындықты ашты

23.05.2025 11:08
0
121
видеодан алынған кадр

Блогер Бота MIA бұрынғы жігітінен көрген қорлығын айтып, жан сырын ақтарды. Ақбота Нұрақын, желіде Бота MIA атымен танымал блогер, өзінің ауыр өткен махаббат хикаясымен бөлісті. Ол “Taboo” бағдарламасында қонақ болып, 19 жасында психологиялық және физикалық зорлық көргенін айтып берді, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Блогердің айтуынша, бұрынғы сүйіктісі оған бірнеше рет қол көтеріп, өміріне қауіп төндірген. Бір оқиғада ол Талғар қаласында биден сабақ беріп жүрген кезде, жұмысынан шыққан сәтінде бұрынғы жігіті оны көлікке күштеп отырғызып, өзенге апарған.

«Ол қара көлікпен келіп тоқтады. Ішінен түсе салып, балта көтерді. Досы араға түсіп, мені аман алып қалды. Бірақ бәрібір көлікке күштеп отырғызып, сырттағы өзенге алып кетті. Сол сәтте мен өлімге дайын болдым. Бірақ досы оны сабырға шақырып, райынан қайтарды. Осылайша бір өлімнен аман қалдым», – дейді Ақбота.

Оның айтуынша, жігіт кейін кешірім сұрап, қайта-қайта келуді тоқтатпаған.

«Кейін ол тізерлеп тұрып, кешірім сұрап келді. Мен “тағы келсең, полиция шақырамын” деп ескерттім. Бір жолы ГАИ қызметкері келіп, оны алып кетті. Содан кейін ғана тынышталды. Осы оқиғадан кейін ұзақ уақыт бойы жігіттерге сенуден қалдым», – деді блогер.

Ақбота бұл жағдайды өзінің отбасындағы махаббат көріністерімен байланыстырды.

«Ата-анамның арасындағы қарым-қатынас өте жақсы болды деп айта алмаймын. Сол себепті мен де дұрыс махаббатты көрмей өстім», – дейді ол.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий