"Мені тозақпен қорқытудың қажеті жоқ": Баян Алагөзова тосын мәлімдеме жасады

04.09.2026 14:22 Мөлдір ҚАЙНАР
245
Фото: видеодан скриншот

Продюсер Баян Алагөзова дін тақырыбында өткір мәлімдеме жасап, тозаққа да, хор қыздарының барына да сенбейтінін жеткізді, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы ол Threads әлеуметтік желісіндегі парақшасында ашық жазды.

«Мен дін мен оның насихатынан әбден шаршадым. Бірден айтайын, мені тозақпен қорқытудың қажеті жоқ, ол мен үшін жоқ. Әлемде бірде-бір адам тозақты да, жұмақты да көрдім деп айта алмайды. 72 пәк қыздар да беріледі деседі. Сонда олардың пәктігінен айырмақ па? Бұл жайлы кім біледі», — деп жазды продюсер.

Продюсердің бұл сөздеріне оқырмандар түрлі пікір білдірді:

«Дінмен күресуден шаршамадыңыз ба? Біліміңіз болмаса да осы тақырыпты қозғап, елді шатастырасыз, ұят болу керек қой адамда», «Асықпаңыз, бәрін көресіз! Тозақты да, жәннәтті де, қабір азабын да. Уайымдамаңыз, үлгересіз!», «Дін тақырыбын қозғағанша, алдымен сауатты, қатесіз жазуды үйреніп алыңыз», – деп жазды желі қолданушылары.

Войдите, чтобы оставить комментарий