Менің әкем Қайрат екеумізге 50 мың доллар құйды - Сырым Исабаев

Менің әкем Қайрат екеумізге 50 мың доллар құйды - Сырым Исабаев
13.09.2025 13:34
0
22
ашық дереккөз

Әнші Сырым Исабаев көптен бері жұрт көзіне көрінбей кеткен соң, журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында шығармашылық жолының алғашқы кезеңдерін еске алып, Қайрат Нұртаспен не үшін бөлек кеткенін түсіндірді.

Ол алғашқы жылдары продюсер Гүлзира Айдарбекованың басшылығымен жұмыс істегенін, Қайратпен бірге сахнаға шыққан уақыттарының жемісті болғанын атап өтті. Алайда уақыт өте келе ой-пікірлердің алшақтығы олардың жолдарының екіге бөлінуіне себеп болған.

Әр тірліктің басы бар, аяғы бар. Біз бірге бастағанда ең басты мақсат – халықты қуанту, өзімізді таныстыру болды. Ол кезде Қайраттың әндері маған ұнайтын, менің әндерім де оған жақын еді. Әр таңдаған әніміз ортақ талғамнан шығатын. Уақыт өте әркімнің өз пікірі пайда болды. “Мынаны былай істейік, мынаны басқаша істейік” деген ойлардан кейін түсіндім – жалғастыра берсек, ұрысқа да, ренішке де ұласуы мүмкін. Ал мен ештеңені жанжалмен аяқтағым келмейді. Біреудің ойы өзіме сәйкес келмесе де, “дұрыс” деп қабылдап, өз жолымды ашуды жөн көрдім. Бұл жерде ешкімді кінәлауға болмайды. Бәрін Гүлзира әпкеміз басқарды, біз оның айтқан бағытын қабылдадық. Қазір де жаңа ұжым құрып отырмын, ол да дұрыс бағытты ұстанса ғана нәтиже береді», – деді Сырым Исабаев.

Журналист әншіден алғашқы шығармашылық жолға қанша қаражат жұмсалғанын сұрағанда, ол қаржының жүйелі және орынды пайдаланылғанын жеткізді.

«Нақты соманы айта алмаймын, шамамен 50 мың доллардың көлемі шығар. Бірақ менің ойымша, ол ақша бізді биікке шығарып жіберетіндей көп қаражат емес. Өйткені атақты сатып ала алмайсың. Жетістік – дұрыс еңбектің нәтижесі. Әкем де, Гүлзира әпкеміз де бізге сенді, қаражат та мақсатқа сай жұмсалды. Бәрі өз жүйесімен жүріп, нәтижесін көрсетті», – деп түйіндеді әнші.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий