«Менің кином емес»: Дариға Бадықова «Келінжан 3» фильмін сынағандарға жауап берді

«Менің кином емес»: Дариға Бадықова «Келінжан 3» фильмін сынағандарға жауап берді
31.12.2024 20:27
0
33
видеодан скриншот

Танымал продюсер, актриса Дариға Бадықова “Келінжан 3” фильмін сынағандарға ашуланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Желіде актрисаның жазбасының астына бейтаныс оқырман аталған туындының нашар екенін айтты. 

“Келінжан 3”- ке барып көңіл толмады. Ақшаға құнығып кеткен. Кинода не мән жоқ не мағына жоқ. Арзан күлкі – арзан кино. Қайран 85 минут уақыт?!. Суретшіні суретші деген сайын сақалын бояпты дегендей, кинодан мән кеткен. Оданда “Моана” көрген дұрыс. Уақыттарыңызбен ақшаларыңызды құртып Дариғаның арзан киносына бармаңыздар! Өте нашар!”, – деп жазды желі қолданушысы. 

Өз кезегінде актриса да жауап беріп, негатив пікір жазған адамды орнына қойды. 

“Менің кином емес?! Не деп отырсыз?!! Сауат Қайда?!”, – деді актриса. 

Оқырман қауым актрисаға сәттілік тілеп жатыр. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или