"Менің мықты, ақылды болғанымнан": Жазира Байырбекова елді ойландырып қойды

14.01.2025 15:27
0
19
instagram.com/zhazira_bairbekova

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Жазира Байырбекова желіде жаңа жазба жариялап, елді ойландырып қойды. Әнші ер адамның жетістігін өзінің арқасы деп санайтын әйелдер туралы сөз қозғады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Жазира Байырбекова аталмыш жазбасын Instagram-дағы парақшасында жариялады. Өнер иесі бүгінде ер адамның жетістігін өзінің арқасы деп айтатын әйелдер көптеп кездесетінін алға тартты. Сөзінше, олардың бұл пайымына ер азаматтар да сеніп жатады. 

Алайда Байырбекованың өзі бұл тұжырыммен келіспейтінін жеткізді. 

"Күйеуі еңбекқор, табысты, абыройлы, жетістікке жетіп жатқан келіншектер күйеуінің осындай дәрежеге жеткені "менің мықты, ақылды болғанымнан" яғни "күйеуімді осылай мен жасадым" деп жатады әйелдер арасында. Бір қызығы жетістікке жетіп, өсіп жатқан жігіттер әйелінің осы ойына сенеді, мойындайды, әйелін құрметтейді. Ал өзгергісі, дамығысы, өскісі келмейтін, жалқау, қырсық, керітартпа жігіттерді өзгерту әйелдің қолынан келе ма қалай ойлайсыздар? Менің ойымша, ер адамның табысты, мейірімді, отбасына қамқор болуы үйленгенге дейінгі болмысы сияқты", - деп жазды әнші. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или