Мереке Қалбаева: Қайын ағамды жек көрдім...

Танымал әзілкеш Мереке Қалбаева өзінің Аман Тасығанға берген сұхбатында қайын жұртымен қарым-қатынасы туралы сөз қозғады, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
"Енемді анамнан кем көрмеймін, қатты жақсы көремін. Өз анаңдай болады деген өтірік. Келін қызыңдай болмайды. Күйеуіңмен ажырасатын болсаң, екеуінің де бетпердең ашылып қызындай көрген енең жамандап шығады. Мен өзімнің туған анамдай жақсы көремін деп айта алмаймын. Екеуінің орны екі бөлек. Енемнің адамгершілігі мен маған қарым-қатынасын шын жүрегіммен жақсы көремін. Бірақ басында қайын ағамды өз-өзімнен іштей жек көрдім. Неге сәлем салмай-ақ қой демейді, деп ойладым. Қазір жұрттың сөзіне қараған заман емес қой. Содан жек көріп, жақтырмай жүретінмін. Қазір мен үшін адамгершілігі мол мықты азамат", - деді ол.
Желі қолданушылары әзілкештің бұл сөзін әбден сынап тастады.
"Қайын ағаңа сәлем салсаң, белің майысып қала ма", "Осылай айтып алып, қалай қайта қосыласыңдар", "Біреу үшін сөйлемесеңші", "Сәлем салсаң белің сына ма", деді олар.
Соңғы жаңалықтар





