Меруерт Түсіпбаева бір ажалдан қалай аман қалғанын айтты
661
Қазақстандық әнші Меруерт Түсіпбаева 13 жасында суға кетіп, ажалдан аман қалғанын еске алды, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесі осы оқиғадан кейін ұзақ жылдар бойы суға түсуден қорқып келгенін жеткізді. Көлге батып, тұншығып жатқан сәтінде өмірімен қош айтысатындай күй кешкенін айтқан әнші балалық шақтағы ауыр сәтті бөлісті.
"13 жасымда көлге батып, судың астындағы шөптердің арасында жатып, сасық суды әбден жұтып, тұншығып жатқанда: 'О, Құдай! Мені неге сонша ерте әкетіп барасың? Сонда менің әнші боламын деген арманым қайда?' деген ой келді", – деп жазды ол парақшасында.
Арада шамамен 40 жыл өткен соң әнші фобиясынан арылу үшін бассейнге төртінші рет барып, жүзуді үйренуді бастаған. Түсіпбаева оқырмандарынан да қандай қорқыныштары бар екенін және оны жеңе алған-алмағанын сұрады.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...
08.10.2026
18:42
Непалда жоғалған екі қазақстандық әлі табылмады...
08.10.2026
18:28
Астанада алаяқ футболшыларды Испанияға апарамын...