Меруерт Түсіпбаева қазақстандық студент қыздың өлімін Бишімбаевтің ісімен салыстырды

Меруерт Түсіпбаева қазақстандық студент қыздың өлімін Бишімбаевтің ісімен салыстырды
23.05.2025 12:32
0
385
Коллаж POLITICO.KZ
КИМЭП студенті Ақнар Хамиттің өлімі Бишімбаев ісімен салыстырылды!

Қазақстандық студент қыздың өлімі Бишімбаев ісімен салыстырылды

Қазақстандық танымал әнші Меруерт Түсіпбаева Алматыда қаза тапқан КИМЭП студенті Ақнәр Хамиттің өліміне қатысты резонанстық мәлімдеме жасады. Бұл қайғылы оқиғаны ол қоғамда үлкен резонанс тудырған Бишімбаев ісімен салыстырды.

Әншінің әлеуметтік желідегі жазбасына сәйкес:

 «Осы аптада , бір сұмдықтың көзі ашылды , мынау фотодағы тұрған небәрі 21 жастағы , КИМЭП - те оқитын аппақ аруды 8-9 ай бұрын , қытайда туып өскен қытай азаматшалары ( қазақтың қыздары) кинап , қорлап , тонап , ұрып ,7 - ші қабаттан лақтырып жіберген … Обал - ай Күдікті қыздардың жасы -20 да , біреуі -24 - те…. Ал , Ақнәрдің анасы әділдік іздеп сабылуда …. Өйткені , қылмыстық істі суйцид деп саралап отыр біздің құққық қорғаушылар ……». Түсіпбаева күдікті ретінде қарастырылған қыздардың екеуі 20 жаста, біреуі 24 жаста екенін атап өтті. Қайтыс болған Ақнәрдің анасы әділдік іздеуде, себебі қылмыстық іс өзіне қол жұмсау (суицид) ретінде жіктелген.

Меруерт Түсіпбаева осы жағдайға қатысты өз пікірін білдіре отырып:

«Енді менің ойым — бойжеткен қыздарыңыздың қандай құрбысы бар , қандай ортамен араласып жүр , соның бәрін қадағалап отыру керек! Бишимбаев ,Салтанат марқұмды қалай қинап өлтірсе , Ақнәрді де солай қинаған құрбылары …. АШЫҚ сотты талап етеміз !!!Халық олардың бетпақтардың бет - жүздерін әлбетте көру керек !!!» – деп, істің ашық қаралуын талап етті.

Айта кетерлігі, оқиғаға қатысқан, қорғау құқығы бар куәгерлер тарапы ресми мәлімдеме жасауға ниетті екенін білдірді. Олардың мәлімдемесінде:

«Қыздардың кінәсіздігінің дәлелдері ұсынылып, сондай-ақ бірқатар БАҚ-та жарияланған жалған айыптауларға жауап ретінде түсініктемелер беріледі. Баспасөз конференциясы жалған ақпараттың таралуын тоқтату, кінәсіздердің абыройы мен қадір-қасиетін қорғау, сондай-ақ қайғылы оқиғаны объективті тергеуге жәрдемдесу мақсатында өткізіледі», – делінген.

Дереккөз: SHYNDYK.KZ

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий