Меруерт Түсіпбаеваның күйеуіне енесі ауылынан басқа әйел алып берген
1041
ҚР мәдениет қайраткері, әнші Меруерт Түсіпбаева «Иірім» бағдарламасында тұрмысқа шыққан сәтін есіне алып, жылап қалды.
Айтуынша, оның күйеуімен ажырасуына енесінің де ықпалы болған көрінеді.
Студент кезімізде шаңырақ көтердік. Жалпы, енем мені қабылдамады. Жолдасым Шымкент өңірінің жігіті еді. Сол заманда несиеге үй алып, қалада тұрып жатыр едік. Бір күні енем келді де күйеуімді ауылға алып кетті. Шымкенттегі зауытқа жұмысқа тұрғызып, маған айтпай үйлендіріп жіберген. Өте қиын күндер басталды. Киім болмай, ақша жетпей, қолдан киім тоқып киген күндерім де болған. Жатақханада тұрғанда, тосап жауып, ақша тапқан едім. Ат үстінде жүрдім. Жақындарыма көмектесу керек болды. Сондай күндер де өтті, – деді Меруерт Түсіпбаева.Одан кейін ұлының бала күнінде жанында бола алмағанын да айтып, бір жылап алды.
Ұлыма көңіл бөле алмадым. Оның балалық шағын еске түсіргенде, ол менің алдымнан жүгіріп шығады. Бірақ мен «Балам, мен асығыспын» деп үйге кіріп кетіп, чемоданымды жинап, қайтадан кетіп қаламын. Уақыт солай өте берген. Бала күтушісі, анам, әпкелерім болды. Оны жалғызсыратпады. Мен ғана болмадым. Сол кезде қате түсінік болыпты. «Балаңа жағдай жасап жатырсың. Сол жеткілікті» деп ойладым. «Бір кем дүние» деген сөз бар ғой. Бүгінде ұлым Жапония мен Австралияға ғана барған жоқ. Барлық мемлекетті көрді. Әрине, сол үшін мен тынбай еңбек еттім. Бірақ баламның балалық шағын көре алмадым. Қатты қиналып жүргенде психологқа барып, жан жарамды емдедім. Ұлыммен қарым-қатынасымыз суып кеткен еді. Соны жақсартуға тырысып, шетелде тұрып келдім. Бір ай жанында болдым. Бала тез есейіп кетеді екен. Қазір бәріне айтарым, балаңа көбірек көңіл бөл, – деп жылады әнші.
Соңғы жаңалықтар
09.02.2026
19:05
Алматылық жастар жаңа Конституция жобасын қолдады
09.02.2026
17:19
Жаңа Конституцияда тілге қатысты бапқа өзгеріс ...
09.02.2026
17:10
"Бір дәуірдің үні": Ақбота Керімбекова Роза Рым...
09.02.2026
16:55
Жамбылда «Фитосанитария» басшысы парамен ұсталды
09.02.2026
16:41
Боксшы Шынәлиевті "шырылдатқан" Айнұр Тұрсынбае...
09.02.2026
16:18
Экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның өліміне қатысты с...