Meta компаниясы Өзбекстанда ресми кеңсе ашуы мүмкін

Meta компаниясы Өзбекстанда ресми кеңсе ашуы мүмкін
08.10.2025 15:45
0
52
buzb.uz

Өзбекстанда Meta компаниясының (Facebook, Instagram, WhatsApp және Threads иесі) ресми өкілдігін ашу мәселесі талқылануда. Бұл туралы Meta өкілдері мен Өзбекстанның Ұлттық перспективалық жобалар агенттігі (НАПП) басшылығы арасындағы кездесу қорытындысында белгілі болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Кездесуде Өзбекстанда Meta-ның ресми кеңсесін ашу, компания платформаларында жарнама орналастыру кезінде алаяқтықтың алдын алу тетіктерін жетілдіру және жергілікті контент жасаушыларды қолдау және монетизация жүйесін дамыту бағыттары талқыланған.

Келіссөздерге Meta компаниясы атынан Оңтүстік және Орталық Азия елдері бойынша мемлекеттік саясат жөніндегі директор Сарим Азиз, Орталық Азия, Моңғолия, Шри-Ланка және Мальдив аралдары бойынша аймақтық жетекші Сенура Абейвардена, Үкіметтермен өзара байланыс менеджерлері Аурора Ли және Ерасыл Қалихан қатысқан.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар консультацияларды жалғастыруға және нақты бірлескен бағыттарды пысықтауға уағдаласты.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий