Мейрамбек Бесбаев 1 жасар қызының тұсаукесерін дүркітетіп өткізді (ВИДЕО)

Әнші Мейрамбек Беспаев пен жары Мархабат Бесбаева кенже қыздары Айзияның бір жасқа толуына орай тұсаукесер тойын өткізді деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Мархабат Бесбаева Instagram парақшасында мерекенің қалай өткенін көрсетіп, қуанышымен бөлісті.
«Аллаға шүкір, тойымызды аман-есен атап өттік. Барша құттықтап келген жанға мың алғыс», – деп жазды ол бейнероликтың астына.
Кадрларда мерекенің шымылдығын Мейрамбек Беспаевтың қызына арнаған әнімен ашқаны, ал сол әннің әуенімен ақ гүлдің ортасынан Мархабат пен Айзияның шыққаны байқалады.
Шараны белгілі әзілкеш әрі актер Қайрат Әділгерей жүргізді.
Тойға отбасының жақындары мен достары, сондай-ақ өнер майталмандары – Алтынбек Қоразбаев, Тұрсынбек Қабатов, Қайрат Нұртас және басқа да әріптестері келіп, қуаныш иелерін құттықтады.
Соңғы жаңалықтар





