Мейрамбек Беспаев қызының тұсауын министр Аида Балаеваға кестірген видеосы талқыланды

Танымал әнші Мейрамбек Беспаев жақында кенже қызының тұсауын кестіріп, үлкен той жасады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Әнші дүркіретіп жасаған тойына атақты әртістерді, дос-жарандарын және туған-туыстарын шақырған.
Әлеуметтік желіде тараған мәліметке қарағанда, әншінің үлкен қызының тұсауын қазіргі Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева кескен екен.
Ал кенже қызының тұсауы ала жіппен емес, шөппен байланып, оны Сәкен Майғазиевтің жұбайы кескен.
Желі қолданушыларының бірі «неліктен тұсауын министрге кестірген?» деп таңданса, енді бірі керісінше қуанышын білдірген.
«Міндетті түрде министр кесуі керек пе?..», «Бұл видео бірінші қыздың тұсаукесері ғой», «Қанша рет кестірсе де, қадамына нұр жаусын», - деген пікірлер жазылды.
@user2353712555909 Тұсау кесерден үзінді. Жолы ашық, бақытты қыз болсын💃😘
♬ оригинальный звук - 🙋♀️
Соңғы жаңалықтар





