Миллиардерлер еліміздегі футбол клубтарын сатып алады

Миллиардерлер еліміздегі футбол клубтарын сатып алады
20.10.2025 13:09
0
122

Еліміздегі бірнеше футбол клубын белгілі кәсіпкерлер Сергей Кан, Михаил Ломтадзе және Ислам Козбаков сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектеновтің мәжіліс депутатының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Туризм және спорт министрлігі Қазақстан футбол федерациясымен бірге облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерін тарта отырып, футбол клубтарын коммерцияландыру бойынша өңірлердегі және республикадағы әлеуетті инвесторлармен жұмыс жүргізіп жатыр.

«Осы жұмыстар аясында «Орталық Азия отын-энергетикалық компаниясы» АҚ (Сергей Кан) «Қызыл-Жар» ФК сатып алу мүмкіндігін қарастыруда, Freedom Finance (Тимур Турлов) «Шахтер» ФК үшін стадион мен футбол академиясын салуға қызығушылық танытты, Kaspi Group (Михаил Ломтадзе) «Жеңіс» ФК сатып алуды және Астанада футбол инфрақұрылымын салуды көздеп отыр. Қызылордалық әлеуетті инвестор «TAU GROUP LTD» (Ислам Козбаков) «Қайсар» ФК сатып алуды жоспарлауда. Сонымен қатар «Тараз» ФК, «Елімай» ФК және «Иртыш» ФК футбол клубтарына қызығушылық танытқан инвесторлармен кездесу өткізілді», - делінген Бектеновтің жауабында.
 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий