«Миллиардтаған қаржы жымқырған»: Мұнай-газ кәсіпорындарының басшылары ұсталды
360
«ОйлТранспортКорпорейшн» ЖШС-ның («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес кәсіпорны) лауазымды тұлғалары тауар жеткізушіден 1,5 млрд теңгеден астам сомаға техникалық ерекшелікке сәйкес келмейтін автобустарды қабылдағаны анықталды,-деп хабарлайды politico.kz
Бұл ретте олардың құны 400 млн теңгеге жоғарылатылған.
– Жұмыс істемеген арнайы техника қызметтері үшін 110 млн теңге мөлшерінде ақша қаражатын аудару фактілері белгілі болды. Ал West Oil Software ЖШС-да («ОйлТранспортКорпорейшн» ЖШС мердігерлік ұйымы) жұмыс істемеген адамдарға 400 млн теңгеден астам жалақы төлеу, компания басшылығының жақын туыстарын қоса алғанда, негізсіз жалақы есептеу деректері де анықталды, – делінген хабарламада.Аталған бұзушылықтар бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі ("сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ірі мөлшерде беру немесе жымқыру") бойынша 5 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Процестік прокурорлар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде аталған ұйымдардағы 4 лауазымды тұлға ұсталды. Қылмыстық істер облыстық Экономикалық тергеу департаментінің өндірісінде. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...
08.10.2026
18:42
Непалда жоғалған екі қазақстандық әлі табылмады...
08.10.2026
18:28
Астанада алаяқ футболшыларды Испанияға апарамын...