Министрлік шағын және орта бизнес үшін жеңілдетілген несиелеудің жаңа бағдарламасын әзірлеуде

Қазақстанда шағын және орта бизнес үшін жеңілдетілген несиелеудің жаңа бағдарламасы әзірленуде
Ұлттық экономика министрлігі шағын және орта бизнес субъектілері үшін жеңілдетілген қаржыландырудың жаңа бағдарламасын әзірлеуде. Бұл туралы бүгін Мемлекеттік қолдау және бизнесті қорғау департаментінің директоры Дарын Әбдуәлі мәлімдеді.
Бағдарламаның басты мақсаты – елдегі экономикалық өсуді ынталандыру және іскерлік белсенділікті жандандыру.
Жобаға сәйкес, несиелер екінші деңгейлі банктер арқылы қосалқы қаржыландыру шарттарымен, жылдық 12,6%-дық тіркелген мөлшерлемемен берілетін болады.
Дарын Әбдуәлінің айтуынша, қаржыландырудың максималды лимиті бір қарыз алушыға немесе байланысты компаниялар тобына 7 миллиард теңгеге дейін жетпек.
Тікелей субсидиялау сияқты нарықтық емес қолдау шараларынан тұрақты нарықтық құралдарға көшу аясында Кәсіпкерлікті қолдаудың кешенді бағдарламасына өзгерістер енгізілуде. Мәселен, портфельдік субсидиялау механизмін енгізу және «Даму» қорының базасындағы өңірлік кепілдік қорлары арқылы кепілдіктер беру жоспарлануда.
Дереккөз: inform.kz
Соңғы жаңалықтар





