Мирас пен Құралай қызын ұзатып, дүркіретіп той жасады

Мирас пен Құралай қызын ұзатып, дүркіретіп той жасады
11.04.2025 09:16
0
84
видеодан алынған кадр\nur.kz

Ән өнерінің жарық жұлдыздары Мирас пен Құралай Бекжановтар қыздары Кәмшатты ұзатып, Алматыда есте қаларлықтай әсерлі той өткізді, деп хабарлайды POLITICO.KZ nur.kz сайтына сілтеме жасап.

 Көпшілікке танымал әнші Жазира Байырбекова бұл қуанышты жаңалықпен әлеуметтік желі арқылы бөлісіп, Кәмшаттың болашағына ақжарма тілегін арнады.

Ол өз парақшасында: "Мирас пен Құралайдың қыздарының ұядан ұшқан күні. Кәмшаттың бағы баянды болсын! Сізге де осындай той жұғысты болсын", – деп жазып, қуанышты сәтке ортақтасты.

Ұзату тойында қонақтардың алдына қалыңдықты әкесі Мирас өзінің орындауындағы әнмен алып шықты. Тойды танымал тележүргізушілер Берік Көшербекұлы мен Мая Веронская жүргізіп, мерекелік кештің сәнін келтірді. Бұл ерекше сәтке өнер иелерінің достары да ортақтасып, кештің көрігін қыздырды. Әлеуметтік желіде тараған видеолардан Роза Рымбаева, Тамара Асар, Шахизада, Айгүл Иманбаева, Қанат пен Света Айтпаевтар, Жанар Айжанова, сондай-ақ Ғани мен Бота, Қуаныш пен Қарлығаш сынды танымал дуэттердің қатысқанын көруге болады. Жұлдызды қонақтардың қатысуымен өткен бұл той — қазақ өнерінің бірлігін, дәстүрге деген құрметті айшықтап, көптің көңілінен шықты.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий