Мирас пен Құралай қызын ұзатып, дүркіретіп той жасады

Ән өнеріндегі жұлдызды жұп Мирас пен Құралай қызын ұзатып, Алматыда дүркіретіп той жасады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Алматыда әншілер Мирас пен Құралай Бекжановтардың қызы Кәмшаттың ұзату тойы болды. Бұл туралы желіде әнші Жазира Байырбекова айтып берді.
"Мирас пен Құралайдың қыздарының ұядан ұшқан күні. Кәмшаттың бағы баянды болсын! Сізге де осындай той жұғысты болсын", - деп жазды әнші Instagram желісіндегі stories-те.
Той қонақтарының алдына Кәмшатты әкесі Мирас әнімен алып шықты. Тойды белгілі тележүргізушілер Берік Көшербекұлы және Мая Веронская жүргізген.
Бұдан бөлек тойда жұлдызды жұптың өнердегі достары қолдап келген. Желіде тараған видеодардан Роза Рымбаева, Тамара Асар, Шахизада, Айгүл Иманбаева, Қанат және Света Айтпаевтар, Жанар Айжанова, Ғани мен Бота, Қуаныш пен Қарлығаш дуэті төбе көрсеткенін байқауға болады.
Соңғы жаңалықтар




