«Мисс Қазақстан» ауылдағы өмірін көрсетіп, елді таң қалдырды

«Мисс Қазақстан» ауылдағы өмірін көрсетіп, елді таң қалдырды
22.04.2025 15:35
0
32
Фото: Видеодан скрин

«Мисс Қазақстан – 2022» атанған бұрынғы модель Томирис Қакимова жеке өмірі жайлы шынайы әңгімесімен әлеуметтік желі қолданушыларын тәнті етті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

TikTok желісінде жарияланған және 1,3 миллионнан астам қаралым жинаған бейнежазбада ол тұрмысқа шыққан соң ауылға көшкенін, бастапқыда бұл өмірге дайын болмағанын шынайы әрі әзіл-шыны аралас жеткізді.

«Мен – “Мисс Қазақстан – 2022”. Өткен жылы тұрмысқа шықтым. Күйеуім өзін Абиль деп таныстырды. Мен ойладым – астаналық жігіт, бизнес-класс, таңғы асқа смузи. Сөйтсем, ол Қызыл-Қақ ауылынан Әбіл екен. Мұнда смузи орнына – қымыз, Uber орнына – әкесінің тракторы», – деп күлкілі естелігімен бөлісті Томирис.

Ауылдағы шынайы өмірдің сән-салтанатқа толы күндерден өзгеше екенін айтқан модель, жаңа өмірінен бақыт тапқанын да жасырмады.

«Мен Нью-Йорктегі зәулім ғимараттарды армандадым, ал ол ауылдың батыс жағын айтып жүр екен. Бірақ ол жақ та әдемі – адамдар көңілді, сиыр иісі, керемет көрініс. Ол мені өз әлеміне әкеліп қана қоймай, үнемі жанымда болды», – дейді ол.

Гламур өмірден алыстап, отбасы мен шынайы сезімге мән берген Қакимова қазір өзін бұрынғыдан да бақытты сезінетінін айтты.

«Мен – “Мисс Қазақстан”, подиум мен софиттерге үйренгенмін. Енді бауырсақ ұстаған орамалды келіншекпін. Бірақ дәл қазір өзімді шынайы сезінемін. Мен жылтыр өмірден айырылып жатырмын деп ойладым, ал шын мәнінде – ауылдағы, шынайы махаббатты таптым», – деп қорытты ол.

Қакимованың әңгімесі көптеген көрерменнің жүрегіне жол тауып, өмірдің қарапайымдылығы мен шынайы құндылықтар жайлы терең ой тудырды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий