"Миым, жүрегім тоқтап қалғандай": Айнұр Тұрсынбаева жұртты шошытты
5719
Танымал айтыскер, коуч Айнұр Тұрсынбаева соңғы күндері басынан өткен ауыр жағдайды әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
Өнер иесінің айтуынша, анасы сырқаттанып, бірнеше күн бойы отбасы үлкен алаңдаушылық күйін кешкен.
«Соңғы үш күн өте ауыр өтті. Миым да, жүрегім де тоқтап қалғандай болды. Бірақ, шүкір, бәрі артта қалған сияқты. Аллаға сансыз мадақ! Дәрігерлерге алғысымыз шексіз! Анамыз бір өлімнен аман қалды. Алла барша жақындарымызды аман қылсын!» – деп жазды Тұрсынбаева.
Желі қолданушылары айтыскердің жазбасына жанашырлық танытып, анасына саулық, өзіне сабыр тіледі. Көпшілік «Анаңызға тез сауығып кетуін тілейміз», «Аман болсын, аналар бәрімізге керек», «Сізге күш-қуат тілейміз» деген жылы пікірлер қалдырды.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
23:14
Көкшетауда 4 жасар бала ашық құдыққа құлап көз ...
08.10.2026
22:43
Шымкент тұрғындарының жылуға төлейтін қарызы 82...
08.10.2026
22:33
Пәтерін жалға берген астаналық 4 айдан бері үй...
08.10.2026
22:32
«Елді мақтан ету – басты мақсат»: ҚФФ ұлттық қ...
08.10.2026
22:24
Мұхит Сапарбаев: Шоу-бизнесте арықтатын қытай д...
08.10.2026
21:59
Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұл...