Мөлдір Әуелбекова: "Әншілерге қысым жасалады, енді үнсіз қалмаймын!"

Мөлдір Әуелбекова:
30.05.2025 20:23
0
477
Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova

Әнші Мөлдір Әуелбекова өз пікірін ашық білдіріп, Threads парақшасында мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, еліміздегі концерттерде өнер иелеріне қысым жасалатын жағдайлар жиі кездеседі, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

"Көп концерттерде әншілерді осылай қысып тастайды. Әртістер де көпшілігі, қара тізімге түсіп қалудан қорқақтап үнсіз көне береді. Оның ішінде мен де болғам. Енді мен үнсіздердің қатарында болғым келмейді! Айтамын! Жазамын!" – деді ол.

Әншінің айтуынша, өз ойын ашық білдірген адамға бірден заңгермен байланысу туралы "қорқыту" әрекеттері жиі жасалады.

"Неге бізде әлі, өз пікіріңді айта қойсаң, бірден заңгермен сөйлесесің деп угроза жасайды? Қорқытатын заман емес қазір. Бәрінің көзі ашық, көкірегі ояу. Әркім өз құқығын біледі! Дипломатты түрде сұрақтарыңды шешуді білмесеңдер – үйреніңдер!" – деп жазды ол.

Бұған дейін әнші "Той-думан" фестивалін ұйымдастырушылардың әншілерге тегін ән айт деп қолқалағанына наразылық білдірген болатын, бірақ кейіннен жазба өшірілді. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий