Мөлдір Әуелбекова: «Енді тұрмыс құрмаймын...»

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жеке өміріне қатысты қабылдаған шешімі жайлы айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
"Ғажайып кештен естелік! Осы кеште, Айман Нұразхан әпкеме қарап отырып, әдемі шешімге келдім: “Енді тұрмыс құрмаймын! 2 балам да өсіп қалды!", - деп жазды ол.
Ал желі қолданушылары өнер иесінен бұлай кесіп айтпауын сұрады.
"Қатты кетпе. Ат баспаймын деген жерін жүз басады. Аллам ойыңды өзгертетін мықты азамат жолықсын", "Ойыңды 360 градусқа өзгертіп жіберетін нағыз ер адам жолықса тұрмысқа қалай шығып кеткеніңді білмей қаласың", "Дұрыс баяғыда солай жасау керек еді", "Тұрмысқа шығу керек, жап-жассыз ғой әлі, әр әйел бақытты болуға жаралған", "Мөлдір айналайын олай кесіп айтпа, Алла біледі", - деп жазды оқырмандары.
Соңғы жаңалықтар





