Мөлдір Мұқанованың сұхбатына қатысты тың ақпарат шықты

04.11.2025 12:18 Берік Арманов
Мөлдір Мұқанованың сұхбатына қатысты тың ақпарат шықты
0
347

Танымал журналист Гүлбану Әниятқызы продюсер Мөлдір Мұқанованың сұхбатына қатысты өз ойын ортаға салды. Бұл туралы ол желідегі парақшасында айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

«Уақытымды қиып, көрдім сұхбатты. Мөлдір сұхбаттың басынан-ақ “Тұрсынбектің изменасы 14 жыл бұрын басталған”- деп жылайды. “Жамандамаймын” деп қойып жамандайды) Екі сағат әңгімеден кейін мен де Жанарға қосылып, “ой, Алла, Тұрсынбек қандай оңбаған” деп отырдым.

Қызықтың көкесі сұхбаттың үшінші сағатында болды. Екі сағат жылаған Мөлдіріміз “Шәй в большом городе” деген киносын айта бастағаннан жадырай кетеді. Сұхбаттың бір сағатқа жуығы осы фильмін мақтауға, жарнамалауға кетеді. Сол кезде мен де “еее” дедім. Ешкім ақымақ емес қой, сұхбат киноның жарнамасы үшін берілгені ап-анық екенін түсіндім. Прогрев деуші ме еді мұндайды)

Тұрсынбекті шынымен жамандағысы келмеген, балаларының намысын ойлаған әйел парақшасына жәй ғана “ажырастық, Тұрсынбек басқа әйелге кетті”- деп пост жазады.

(“Сұхбатқа елдің сұрағына жауап беруге келдім” дейді өзі) Аңдып отырған сайттар мен пабликтер өздері ақ бүкіл Қазақстанға таратып берер еді.

Ал 14 жыл ішіне сақтаған жан сырын мен күйігін бүкіл елге емес, психологтың алдына барып айтып, жылап шығарар еді. (Сұхбатта психологқа бармағанын да айтып қалды.)

Әртіспісің деген) Талауға рұқсат)», — деп жазды ол.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий