Муан әуе апатында 12 туысынан айырылған ер адам көңіл айтты

Муан әуе апатында 12 туысынан айырылған ер адам көңіл айтты
01.01.2025 15:59
0
271
Yonhap
Әуе апаты: Таиландта демалып келген отбасының 13 мүшесі қаза тапты.

Таиландта демалысын өткізген ер адам жұмысына қарай Үндістанға аттанып, артынан ұшып кеткен туыстарының барлығы Муан әуежайындағы әуе апатында қаза тапты, деп хабарлайды POLITICO.KZYonhap агенттігіне сілтеме жасап.

Оңтүстік Кореялық ер адамның айтуынша, желтоқсан айының соңында 18 адамнан тұратын топпен Таиландқа саяхат жасаған. Оның ішінде 13 адам бір отбасы мүшелері болған. Демалыс аяқталғаннан кейін олардың барлығы Оңтүстік Кореяға қайтса, ер адам Үндістанға жұмыс бабымен ұшып кеткен.

"Әуежайда болған қайғылы жағдайды естіген бойда, бірден елге оралып, ДНҚ-тест тапсырып, туыстарымды анықтау жұмыстарымен айналыстым. Үлкен отбасымнан тірі қалған жалғыз адам – менмін", – дейді ол.

Jeju Air әуе компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы Муан әуежайында апатқа ұшырады. Бангкоктан ұшып шыққан ұшақта 175 жолаушы және 6 экипаж мүшесі болған. Yonhap агенттігінің мәліметінше, қону кезінде ұшақтың шассилері ашылмай қалып, қоршауға соғылып, отқа оранған. Апаттан екі адам ғана аман қалған, екеуі де ауыр халде ауруханада жатыр.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Корея Президентінің міндетін атқарушы Чой Сан Мокқа көңіл айту жеделхатын жолдады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или