Мүфти ботокс салдыруға рұқсат берді

Мүфти ботокс салдыруға рұқсат берді
13.08.2025 13:25
0
114
pexels.com

Мұсылмандарға ботокс инъекцияларын тек медициналық көрсеткіштер бойынша ғана жасауға болады. Себебі бұл препараттың құрамында исламда тыйым салынған кейбір элементтер бар.

Бұл жөнінде Ресей мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ғұламалар кеңесінің Telegram-арнасында Мәскеу облысының мүфтиі, Ресей мүсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары Рушан Аббясов мәлімдеді.

«Ботулотоксинді қолдануға тек медициналық қажеттілік болған жағдайда – терең мимикалық әжімдерді түзету, бет асимметриясын қалпына келтіру, тыртықтардың алдын алу секілді жағдайларда – және косметолог дәрігердің қорытындысы негізінде ғана рұқсат беріледі», – деді мүфти.

Оның айтуынша, мұндай инъекцияларды қолдану барысында құрамында тыйым салынған компоненттердің болмауы маңызды. Атап айтқанда, адамның қанынан алынатын альбумин заты исламда рұқсат етілмеген. Сонымен қатар, ботокс салу рәсімі міндетті түрде лицензиясы бар медициналық мекемелерде ғана жүргізілуі тиіс.

Ғұламалар кеңесі бұл шешімнің уақыт өте келе қайта қаралуы мүмкін екенін атап өтті, егер ботулотоксиннің адам ағзасына әсері туралы жаңа ғылыми деректер пайда болса.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий