Мүфтият «құдайы асқа» қатысты ресми құжатты бекітті – енді дастарханға не қоюға болмайды

Мүфтият «құдайы асқа» қатысты ресми құжатты бекітті – енді дастарханға не қоюға болмайды
16.05.2025 12:30
0
415
ашық дереккөзден

Қазақстанда өткен имамдардың кезекті форумында қоғамда кеңінен талқыланып жүрген маңызды мәселе – құдайы ас кезіндегі ысырапқа жол бермеу жөнінде нақты шешім қабылданды.

Форумда «Құдайы аста ысырапқа жол бермеу» құжаты бірауыздан мақұлданып, бұдан былай ас беру рәсіміне қойылатын талаптар белгіленді. Бұл туралы Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа тәртіпке сай, құдайы аста ұсынылатын тағам қарапайым әрі адал болуы тиіс. Атап айтқанда, нан өнімдері, шай, ыстық ас (ет немесе күріш), сары май, тары, талқан, қант пен кәмпит сияқты тағамдар ғана ұсынылуы ұсынылады. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының айтуынша, кейбір азаматтар елден қалмайын деп, қарызға батып, мол дастархан жаюға мәжбүр болады. Бұл жағдай, әсіресе, қарапайым отбасыларға ауыр тиіп, ас беру аза тұтудан гөрі салтанатқа айналып бара жатқанын көрсетеді.

Наурызбай қажы қоғамды ысыраптан арылып, құдайы асты шариғатқа сай, қарапайым түрде, дұға мен жақсы сөздерге негіздей өткізуге шақырды. Оның айтуынша, ас мәзірінен бұрын ықылас пен ниет маңызды. Сондықтан дастарқан сәнін емес, рухани мазмұнын байыту қажет. Бұл қадам ұлттық тәрбие мен діни жауапкершілікті арттырып, қоғамда бірлікті нығайтуға бағытталған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий