Мұғалім көлікте 12 жастағы оқушы қызды зорлап тастады

Британияда 12 жастағы қыз әлеуметтік желідегі жаңа танысының зорлығына ұшырады. Бұл туралы Daily Record хабарлайды.
Зардап шеккен қыздың айтуынша, ол әлеуметтік желіде тіркелгеннен кейін оған 18 жастағы жігіт хат жаза бастаған. Қыз оған өзінің 13 жаста екенін өтірік айтқан.
Жаңа танысы өте қамқор болған, ал зардап шегуші онымен жеке мәселелерін бөлісе бастаған. Олар күнде телефон арқылы сөйлескен.
Біраз уақыттан кейін ол қызды кездесуге көндіріп, оның сүйіктісі болатынына уәде берген. Кейін белгілі болғандай, 18 жастағы жігіттің профилін 34 жастағы мұғалім басқарған.
Алғашқы кездесуде қыз оның көлігіне отырған, бірақ ол оған әдепсіз ұсыныстар жасай бастағанда, қыз кешірім сұрап, кетіп қалған. Бірнеше аптадан кейін олар тағы да оның көлігінде кездеседі, сұмдық оқиға орын алады. Мұғалім оқушы қызға сексуалдық зорлық көрсеткен. Кейін бұл әрекетті тағы қайталаған.
Нәтижесінде мұғалім 11 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын түрмеде өтейтін болды.
Соңғы жаңалықтар





